Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Источник погодных данных: Ауа райы

Законопослушный гражданин

Ақпарат агенттігі

Петропавлда Ұлттық ұланның әскери қызметкерлері көп балалы әріптестерін отбасы күнімен құттықтады

Жыл сайын қыркүйектің екінші жексенбісінде Қазақстанда Отбасы күні атап өтіледі. Ол еліміздің Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен құрылды және алғаш рет 2013 жылы атап өтілді.

Мерекені құрудың және жыл сайынғы өткізудің негізгі мақсаты мәдени құндылықтарды, дәстүрлерді, руханиятты сақтау, өскелең ұрпақты тәрбиелеу, демографиялық проблемаларды, сондай-ақ отбасы институты арқылы әлеуметтік сипаттағы проблемаларды еңсеру жөніндегі ұлттық мемлекеттік міндетті іске асыру болды.

Мереке күні академия бастығының орынбасары полковник Нұрбай Бектұрсыновпен әйелдер кеңесінің өкілі кіші сержант Тұрсынай Керімбекова бастаған ҚР Ұлттық ұланы академиясының әскери қызметшілері оқу орны әскери қызметшілерінің көп балалы отбасыларына барды.

Олардың қатарына майор Астана Жапаровтың, ефрейтор Данил Богомоловтың, кіші сержант Павел Вяткиннің, сержант Алмаз Данияров пен Жасұлан Конысбаевтың жанұясы бар. Барлық отбасыларға академияның әйелдер кеңесінің сыйлықтары мен азық-түлік пакеттері табысталды.

 

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *