Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Источник погодных данных: Ауа райы

Законопослушный гражданин

Ақпарат агенттігі

ОБЛЫСТА ИНФЛЯЦИЯ 13,9 % ҚҰРАДЫ

Ұлттық статистика бюросы департаментінің мәліметінше, тамыз айында өңірдегі инфляция 13,9% құрады.

Азық – түлік тауарларының бағасы бір жылда 13,5% ,  азық-түлік емес тауарлар мен ақылы қызметтердің бағасы 14% — ға өсті.

Азық – түлік өнімдерінің ішінде күріштің бағасы 50%-ға, тоқаш және ұннан жасалған кондитерлік өнімдер – 26%-ға, сүт өнімдері, алкогольсіз сусындар 17% өсті. Алкогольді ішімдіктер мен темекі өнімдері де 17%-ға қымбаттады. Ал қант 11% – ға, пияз 13% – ға, қызанақ 9% — ға арзандады, бірақ қызылша мен сәбіз сәйкесінше 20% және 17% — ға өсті.

Жуу және тазалау құралдарының бағасы шамамен 23% – ға, жөндеу материалдары 15% — ға өсті. Сұйытылған газ бен бензин бағасы 17% және 12% — ға, сумен жабдықтау және су бұру қызметтері тиісінше 6,6% және 9% — ға өсті.

Интернетке қол жетімділік бір жыл ішінде айтарлықтай қымбаттады – өсім шамамен 21% құрады.

 

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *