Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Источник погодных данных: Ауа райы

Законопослушный гражданин

Ақпарат агенттігі

Берік Уәли президенттің баспасөз хатшысы қызметіне оралды

«Мемлекет басшысының өкімімен Берік Уәли Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі – Президенттің Баспасөз хатшысы лауазымына тағайындалды», — деп жазды Ақорданың баспасөз қызметі.

«Берік Уәли 1997 жылы Т. Жүргенов атындағы Қазақ мемлекеттік театр және кино институтын «Кинотанушы», 2005 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің магистратурасын «Журналистика», 2014 жылы Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университетін «Құқықтану» мамандықтары бойынша бітірген.

1997-2012 жылдары – «Хабар» агенттігінің, «ТАҢ» телекомпаниясының, «НТК» телеарнасының, «31 канал» ЖШС-нің журналисі, ақпараттық бағдарламаларының редакторы, «Нұр Медиа» ЖШС-нің жемқорлыққа қарсы медиа орталығының жетекшісі.

2018-2019 жылдары – Қазақстан ұлттық арнасының «1-студия» саяси ток-шоуының жетекшісі әрі жүргізушісі.

2012-2015 жылдары – Оңтүстік Қазақстан облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары, баспасөз қызметінің басшысы, Ішкі саясат және дін істері басқармасының басшысы.

2015-2016 жылдары – Nur Otan партиясы төрағасының бірінші орынбасарының кеңесшісі.

2016-2018 жылдары – Инвестициялар және даму министрінің кеңесшісі, Ақпараттық қамтамасыз ету департаментінің директоры.

2018-2019 жылдары – Жамбыл облысы әкімдігінің Ішкі саясат басқармасының басшысы.

2019-2022 жылдары Қазақстан президентінің баспасөз хатшысы болған.

2022 жылғы наурыздан бүгінге дейін «Хабар» агенттігі» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы қызметін атқарды. 

Ал Нұрмұхамед Исманұлы Байғараев Қазақстан Республикасы Президентінің Баспасөз хатшысы лауазымынан өз еркімен берген өтінішіне сәйкес босатылды.

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *