Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Источник погодных данных: Ауа райы

Законопослушный гражданин

Ақпарат агенттігі

СҚО-да 18 адам қызылша жұқтырған

Солтүстік Қазақстан облысында 18 адам қызылша ауруын жұқтырған, деп хабарлайды тілшіміз.

Қызылша – өте жұқпалы, ауру. Ол ауа тамшылары арқылы таралып, шырышты қабықтарға жұғып, содан кейін бүкіл денеге таралады. Ауырудың асқынуы өлім-жітімге әкеліп соғады. 

Облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, қызылшаның 14 дерегі Петропавл қаласында, екеуі — М. Жұмабаев ауданында және тағы бір-бір фактіден Аққайың мен Жамбыл ауданында тіркелді.

Қызылшаның 18 жағдайының үшеуі БАӘ, Ресей және Қырғызстаннан оралған адамдарда анықталды.

Науқастардың 72%  немесе 14 жасқа дейінгі 13 адам, 15-19 жас және 20-29 жас санаттарында екеуі және 40-49 жас тобында бір жағдай бар. 

«Ауру жұқтырған науқастардың 67% немесе 12 адам қызылшаға қарсы егілмеген. Екеуінің вакцинация мәртебесі белгісіз екендігі белгілі болды»,- деп хабарлайды СҚО саниятариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті таратқан хабарламада.

 

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *