Грантта оқыдым, бірақ сот оның ақшасын қайтаруымды міндеттеді…
«AMANAT» партиясының өңірлік филиалында «Құқықтық көмек» жобасы аясында азаматтарды қабылдау шарасы өтті. Петропавл тұрғындарынан бес сұрақ түсті.
Құқықтық көмекке келгендердің арасында 2016 жылы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін бітірген Кристина Эрейзер де бар. Кристина университетке грантқа түсті, бірақ белгісіз себептермен ол ауылдық квота бойынша студент ретінде қабылданды. Жоғары оқу ордасын тәмамдаған соң, мемлекеттік қаражатты өтеу ретінде ол ауылда жұмыс істеуге міндеттелді.
«Біраз уақыттан кейін жалақының төмен болуына және еңбек жағдайларының қанағаттанарлықсыз болуына байланысты мен Петропавлдың коммуналдық кәсіпорындарының біріне жұмысқа бардым. Кейінірек, ол жерге жұмысқа орналасуға менің құқығым жоқ екені белгілі болды. Мен келісімге сәйкес ауылда жұмыс істеуім керек еді. Алайда, біздің шартта ол жазылмаған. Соған қарамастан сот мені барлық оқу шығындарын өтеуге міндеттеді», — деді әйел.
Бүгінгі таңда Кристина бір миллион теңгеден астам қаржыны қайтарды. Сондықтан сот шешімімен ол келіспейді. Қабылдауды өткізген «Халықаралық медиация орталығы» РҚБ өкілі Алтын би Бесембаева, облыстық мәслихат депутаты Юлия Пронина және заңгер Наталья Гакельберг жаңадан ашылған мән-жайларға байланысты істі қайта бастау туралы прокуратураға өтініш жасауға көмектесті.
Сондай-ақ, қабылдауға емересінің жалғыз қамқоршысы болып табылатын әйел жүгінді. Ол немересін жол-көлік оқиғасынан зардап шеккенін айтты. Мамандар оған істі қайта бастау туралы Петропавл қаласының полиция бөліміне өтініш жасауға көмек көрсетті. Сонымен қатар, өтініштер арасында зейнетақыны қайта есептеу, жалақы төлемеу және еңбек дауларын шешу мәселелері болды.
«Қабылдау кезінде адамдардың көптеген проблемасына көрдік. Мәселен, жалақыны төлемеу және есепке алынбаған жұмыс өтілі – бұл біздің қабылдаулар барысында азаматтар қоятын ең көп сұрақтың бірі. Адамдар мұндай әділетсіздікпен қалай күресуге болатынын білгісі келеді. Біз оларға кеңес береміз, әрі құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейтуге көмектесеміз», — деп атап өтті «AMANAT» партиясы өңірлік филиалының атқарушы хатшысы Жеңіс Асанов.