Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Источник погодных данных: Ауа райы

Законопослушный гражданин

Ақпарат агенттігі

Петропавлда жетім қызды жезөкшелікпен айналысуға мәжбүрлеген әйел сотталды

СҚО тұрғыны ҚР Қылмыстық кодексінің үш бабы –притондар ұйымдастыру, алаяқтық және адам саудасы бойынша сотталды, деп хабарлайды тілшіміз.

СҚО-да “Stop-трафик” жедел-профилактикалық іс-шарасы басталды. Облыстық ПД ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері адам саудасына, еңбек және жыныстық қанаумен байланысты қылмыстарды анықтау және жолын кесу бойынша кешенді шаралар қабылдауда. Үкіметтік емес ұйымдармен ақпарат алмасу, жапа шеккендерге оларға құқықтық және әлеуметтік көмек көрсету бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр.

«Осындай қылмыстар ұзақ уақыт бойы жасырын түрде жасалуына зардап шегіушілердің құзырлы органдарға жүгінбеуі де әсер етеді. Бұған мысал – Ақмола облысының 18 жастағы тұрғынының жезөкшелікпен айналысуға тартылуы. Оған қатысты бірнеше рет құқыққа қайшы әрекеттер жасалған, бірақ ол мүлдем полицияға жүгінбеген. Бұл мәселе басқа қылмыстың ашылуының арқасында анықталды», – дейді СҚО ПД ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының бастығы Жандос Басыбаев.

2022 жылдың мамыр айында 39 жастағы Петропавл тұрғыны жалдамалы пәтерде притон ұйымдастырған. WhatsApp арқылы массаж жасаушының жұмысын уәде етіп, Ақмола облысынан келген 18 жастағы жетім қызды алдап, жезөкшелікке тартқан. Бөйжеткен бірнеше рет интимдік қызмет көрсетуден қашып шығып, колледжде оқуын жалғастыруға тырысқан, бірақ пысық әйел оған күш қолданып, моральдық қысым көрсетіп, кері қайтарып отырған. Клиенттерден түскен барлық ақшаны өзінің қалтасына басқан. Сондай-ақ ол 2,7 миллион теңге көлеміндегі асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша қызға берілген жәрдемақыны, 150 мың теңге көлеміндегі жиналған шәкіртақысын да өзіне аударып алған. Әккі әйелдің жұмысы мұнымен тоқтамаған. 2023 жылдың көктемінде Петропавлда сыпырып-жуушының жұмысын іздеп жүрген әйелмен танысып, оны да алдап, Ақмола облысындағы пысықайларға 250 мың теңгеге сатып жібермек болған. Алайда осы әрекетін жүзеге асырмақ болғанда азаматты СҚО ПД ҰҚҚКБ қызметкерлері ұстады. Тамыз айында сот оған притон ұйымдастыру, адам саудасы және алаяқтық жасағаны үшін үкім шығарды. Ол 6 жылға бас бостандығынан айырылды. ҰҚҚКБ қызметкерлерінің айтуынша, осындай фактілерді анықтау және жолын кесу бойынша жұмыстар аталған жедел-профилактикалық іс-шара шеңберінде де күшейтілген түрде жүргізіледі.

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *