СҚО-да орман қоры ұлғаяды
Солтүстік Қазақстан обылысында орман қорын ұлғату жұмыстары қолға алынды. Жыл соңына дейін өңірде 23 миллион түп ағашы егілетін болады. Бұл өткен жылмен салыстырғанда екі есе жарым есеге көп, деп хабарлайды тілшіміз.
«Атаңнан мал қалғанша, тал қалсын». Солтүстікқазақстандық Жалғас Асқаров осы қағиданы ұстанады. Өзі бала кезінен орманшы болуды армандаған. Сәтін салса келер жылы қолына дипломын алады.
«Біздің ауылдаі орман шаруашылығында жұмыс істейтін адамдар өте көп. Солардың қастарында өсіп, олармен жұмыс істеп, көмектесіп өзіме қызықты болып кетті. Сондықтан осы саланы таңдадым. қазір ағаш егіп жатырмыз. Ертең болашақта мына жер үлкен нулы орманға айнаналса деймін», — дейді М. Қозбаев атындағы СҚУ студенті Жалғас Асқаров.
Қазір орманшылар үшін жұмыстың нағыз қызған шағы. Соңғы кездері толассыз жауған жауын көшет егуге қолайлы болып тұр.
Қызылжа ауданынан қарасты Новокоменка ауылы маңындағы учаскеде осыдан бірнеше жыл бұрын қарағай көшеттері отырғызылыпты. Алайда олардың басым бөлігін жабайы жануарлардың азығына айналған. Сондықтан жауаптылар алдын алу жұмыстарына кірісті.
«Ресей жақтан келген еліктер, біздің жұмысты қиындатып жіберді. Сондықтан біз шетелдік мамандардың тәжірбиесіне жүгінуге мәжбүр болдық. Яғни мына балқарағайлардың барлығын арнайы қоспамен өңдедік. Оның жағымсыз иісі бар. Енді алдағы 1-2 жыл бойы жабайы жануарлар оған жақындамайтын болады», — дейді М. Қозыбаев атындағы СҚУ доценті Тимур Звереченко.
Жалпы жыл соңына дейін облыс аумағында 23 миллионнан астам ағаш егілетін болады. Көбі қайыңмен қарағай. Жұмыстар өңірдегі барлық шаруашылықтарда атқарылып жатыр. 2021-2025 жылдарға арналған орман алқаптарын ұлғайтудың кешенді жоспары бекітілді. Осы уақыт аралығында орман қоры 20 мың гектарға үлкейеді. Сондай-ақ келешекте мамандар тәжірбие ретінде өңірде жаңғақ ағаштарын да егіп көрмек.