Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Источник погодных данных: Ауа райы

Законопослушный гражданин

Ақпарат агенттігі

СҚО-да зейнеткердің атына несие рәсімдеген пысықай ұсталды

СҚО-да жалдамалы пәтерде зенеткермен бірген тұратын пысықай қарияның атына несие рәсімдеген, деп хабарлайды тілшіміз.

Ұстіміздегі жылдың қаңтар айында 69 жастағы облыс орталығының тұрғыны  полицияға жүгінді. Қолына зейнетақысының жартысын ғана алған қария есепшотындағы ақшасы екі несиенің жабылуына жұмсалғанын біліп, тәртіп саұшыларына арызданған.  Жедел уәкілдер күдіктіні тез арада анықтады. Ол облыс аудандарының бірінің 26 жастағы тұрғыны болып шықты. Жігіт зейнеткермен бірге пәтер жалдап тұрған. Артынша қарт адамның сеніміне кіріп, телефонындағы банктік қосымшасын пайдаланған. 2022 жылдың желтоқсан айында жалпы сомасы 300 мың теңге болатын екі несие ресімдеген.

Пысықай шұғыл түрде ақша қажет болғанын айтады. Осылайша жақын арада қайтарып беруді жоспарлаған. Бірақ ойлағаны іске аспады. Екі несиеден түскен ақшаны толығымен букмекерлік кеңседе бәс тігуге жұмсаған. Сот отырысы болғанға дейін жас жігіт қажетті соманы тауып алып, келтірген шығынды өтеді. Сәуір айында сот оның бас бостандығын 3 жыл 6 айға шектеді.

«Әлдебіреулер банктік қосымшаңызға еш кедергісіз қол жеткізбес үшін ешқашан ешкімге жеке деректеріңізді бермегендеріңіз жөн. Естеріңізде болсын, банктік карталарыңыздың нөмірлерін және артқы жағындағы CVV-кодтарды, sms арқылы келетін бір реттік кодтарды құпия сақтау керек. Оларды бөгде адамдар білмеуі тиіс. Сондай-ақ жеке куәліктің фотосуретін де ешкімге жібермеу керек. Өйткені алаяқтар оны несие ресімдеуде не болмаса басқа адамдарды алдағанда пайдалануы мүмкін», – дейді СҚО ПД тергеу басқармасының бастығы Қайрат Қасымбеков.

 

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *