Петропавлда топырақтың астында қалып қойған құрылысшы қайтыс болды
Петропавлда құрылыста жүрген 35 жастағы ер адам жұмсы орнында қайтс болды. Оның үстіне топырақ құлап, басып қалған, деп хабарлайды тілшіміз.
Қайғылы оқиға кешкесін болған. Құрылыста жұмыс істеп жүрген ер адамды абайсызда топырақ басып қалған. Ол жедел жәрдем келгенге дейін оқиға орнында мерт болды.
Солтүстік Қазақстан облыстық полиция департаменті аталған оқиғаға қатысты түсініктеме берді.
«14 қыркүйекте Петропавл қаласы полиция басқармасының кезекші бөліміне Партизан-Егемен Қазақстан көшесіндегі траншеяда жұмыс жүргізу кезінде 35 жастағы ер адамды топырақ басып қалғандығы туралы хабарлама түсті. Ол алған жарақаттарынан сол жерде қайтыс болды. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру «Еңбекті қорғау қағидаларын бұзу» қылмыстық бабы бойынша жүргізіледі. Қазіргі уақытта болған оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр», — делінген СҚО ПД баспасөз қызметі таратқан хабарламада.