Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Источник погодных данных: Ауа райы

Законопослушный гражданин

Ақпарат агенттігі

СҚО-да астықтың жартысынан астамы жиналды

Тамыз айында апталап жауған жауын шаруаларды әбден тығырыққа тіреді. Шамадан тыс ылғалдың салдарынан арпа-бидайдың сапасы күрт төмендеп кеткені жасырын емес. Осыған байланысты Президент солтүстік өңірлерде астық өндірумен айналысатын шаруаларға қаржылай және өзгеде қажетті көмек көрсетуді тапсырды, деп хабарлайд тілшіміз.  

Солтүстіказақстандық шаруа Ақан Барлыбаев қазір күні-түні қырман басында. Себебі алжаздай баптаған егінін жинап алуы керек. Соңғы аптада өңірде күн райы диқандар үшін қолайлы болып тұр. Бүгінде аймақта бидайдың 53% жиналды. Астық берекелілігі орта есеппен гектарынан- 10,5 центнерден айналып жатыр. Бірақ, сапасы жылдағыдан төмен. Қазір күзгі дала жұмыстарына мониторинг жүргізетін арнайы жұмыс тобы құрылды.

«Өткен жылы бұл кезде науқанды аяқтаған едік.  Биыл тоқтаусыз жауған жауынның салдарынан жұмысымыз тұралап, астықтың сапасы да нашарлады. Қазір әсіресе тамыз айында егінді дестеге жыққан шаруалардың жағдайы  қиын. Олар, шығынға батып жатыр», — дейді шаруа Ақан Барлыбаев.

Осы жылы  Солтүстік Қазақстан облысында 3,2 миллион гектар алқапта дәнді және бұршақ дақылдарын жинау жұмыстары жүргізілуде. Бүгінге дейін 1,8 миллион гектар немесе 53 пайызы орылды, 1,9 миллион тонна бастырылды.

Айта кетерлігі, биыл еліміздің солтүстік өңірлерінде астық жинау науқаны күрделі жағдайда өтіп жатыр. Қыркүйек айының басынан бері жауын-шашын 45 мм немесе айлық норманың 158 пайызын құрап отыр.

Облыста тәулігіне 240 мың тонна өнім кептіруге мүмкіндік беретін 317 астық кептіргіш іске қосылды. Облыста сыйымдылығы 6,9 млн тонна болатын астық сақтау қоймалары бар.

Көрші Қостанай облысында жағдай тіптен қиын. Диқандар әлі күнге дейін егінге орақ сала алмай отыр. Себебі алқаптар құрғамаған. Аймақта астықтың үштен бірі бүлінді. Ал кей аудандардағы бидай тек мал азығына ғана жарамды болып қалған. 

«Қазір жаңбырдың кесірінен бидайдың ақуызы төмендеп кетті. Сәйкесінше 4-5 классты астық жинасақ, оған ертең сұраныс та,  баға да болмайды», — дейді Қостанайлық диқан Александр Бородин.

Ал Ақмола облысында күзгі орақ науқаны қайта жанданды. Қазіргі уақытта егіс алқаптарының 1 млн 200 мың гектары алынды. Тиісті сала мамандарының айтуынша, шығынға ұшыраған шаруаларға мемлекет тарапынан қолдау көрсетіледі. Үкіметтен қосымша 20 мың тонна дизель отыны бөлінеді.  

«Күн осылай тұратын болса, күнде 150 мың гектардай жинап аламыз. Енді сапасы жылдағыдан төмендеу. Қазір барлық ауыл шаруашылығы кешендері осы күнді пайдаланып барлық егінді жинап алуға білек сыбана кірісіп жатыр. Қазір өнімділігі гектарынан- 5,6 центнерден болып жатыр»,- деді Ақмола облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары Еркеш Әленов.

Астық уақытылы жиналмаса, шаруалар қарызға белшеден батады.  Ал оның әлеуметтік зардабы тағы бар. Бұл ретте Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметке солтүстік өңірлерде ауа райының қолайсыздығынан бірқатар қиындықтарға тап болған диқандарға барынша көмек көрсету керектігін тапсырды.

 

 

 

 

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *