СҚО тұрғындары жалақыларының жартысынан астамын азық-түлікке жұмсайды
СҚО-да бір жылдың ішінде өңір тұрғындарының шығындары өсті, деп хабарлайды тілшіміз.
Ұлттық статистика бюросы департаментінің ақпаратына сәйкес, бір адамның ай сайынғы қаржылық шығыстары орта есеппен 104,3 мың теңгені құрап отыр. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 24% жоғары.
Тұтыну шығындары көрсетілген соманың 90% құрайды. Қалғаны материалдық көмекке, алиментке, несие мен қарызды өтеуге, салықтарға түседі.
Отбасылық бюджеттің ең қымбат бөлігі азық-түлік тауарларына жұмсалатын шығындар болып қала береді, ол 46% құрайды. Азық- түлік емес тауарларды сатып алу шығындары шамамен 29%, қызмет ақысына жұмсалатын сома 15% болып отыр.
Ақылы қызметтерге жұмсалатын шығыстарда ақшалай қаражаттың 30%-ы көлік және байланыс қызметтерін төлеуге, соншама тұрғын үй-коммуналдық қызметтерге, тұрғын үйді күтіп ұстауға және жөндеуге, 10% жуығы денсаулық сақтауға тиесілі.
Ауыл тұрғындары азық-түлік сатып алуға тиісінше 47% және 45% жұмсайды. Азық-түлікке жатпайтын тауарларға жұмсалатын шығындардың айырмашылығы – қала тұрғындары үшін бюджеттің 26% және ауыл тұрғындары үшін 31%. Қала тұрғындарының ақылы қызметтеріне жұмсалған шығыстар ауыл тұрғындарының шығындарынан 2,2 есе асып түсті.