Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Источник погодных данных: Ауа райы

Законопослушный гражданин

Ақпарат агенттігі

Есіл өзеніне балық жіберіліп жатыр

Петропавл балық питомнигінде жұмыс қызған.  Мұндағы мамандар 3 ай бойы күтіп-баптаған тұқы балықтарын су қоймаларына жіберуге әзірленіп жатыр, деп хабарлайды тілшмізі.

Қолдарына арнайы тор ұстағандары шабақтарды аулап алып, шелекке салады. Ал Анастасия Молоткова шелектегісін бір-бірден алып, таразыға салады. Яғни, салмағын өлшейді. Тіршілік аясына жіберілетін балықтың салмағы 12 грамнан төмен болмауы керек.

«Осы шабақтарды ертең Сергеев су қоймасына жібереміз. Барлығы – 560 мың бас. Арнайы тоғандағы балықтарды жаз бойы қоректендіріп, күтіп -баптадық. Үнемі оттегі көлемін өлшеп отырдық. Тағы 450 мыңын іріктеп алып қойдық, оны да Есіл өзеніне жібереміз», — дейді Петропавл балық питомнигінің цех меңгерушісі Анастасия Молоткова.

Балықтардың бақтағы бассейннен аулануынан бастап су қоймасына жіберілгенге дейінгі процесті арнайы құрылған комиссия бақылайды.

«Комиссия балықтың көлемінің, салмағының дұрыс болуын қадағалайды. Бұл процесті кемінде 3 адам бақылауда ұстайды. Балық питомнигінің мамандары су қоймасына балық жіберу жұмысын жыл сайын жүргізеді», — деді Есіл облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясы басшысының орынбасары Марат Есімсейітов

 Мамандар су қоймасына қыркүйек айының соңында дейін 1 миллионнан  астам шабақ жібереді. Мемлекеттік тапсырыс аясында көктем мен күзде атқарылатын жұмысқа биыл 70 млн теңге көлемінде қаражат бөлінген.

 

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *