Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Источник погодных данных: Ауа райы

Законопослушный гражданин

Ақпарат агенттігі

СҚО-да қайта өңдеу ісі қолға алынбаса қоқыс қоршаған ортаға зиян келтіруі мүмкін

Солтүстік Қазақстан облысында соңғы жылдары қоқыс мәселесі өткір тұр. Өңір аумағында жаппай заңсыз үйінділер анықталуда. Ондай аумақтар адамдардың табиғатқа деген салғырттығынан пайда болып жатыр. Тұрғындар қалдықтарды арнайы аумаққа апармай, өзіне ыңғайлы жерлерге төгіп кетеді. Биыл мұндай 450-ге тарта жер белгілі болыпты. 

«Бүгінгі таңда заңсыз полигондардың 93% жойылды. Қазір Тайынша ауданындағы 15-ке жуық аумақты жою жұмыстары жүргізілуде. Қалдықтардың жану фактісі болуы мүмкін. Мұндай жағдайлар ауаны ластайды. Жаңбыр, ағынды сулар арқылы жер асты суларын ластайды», — дейді облыстық экология департаментінің басшысы Азамат Бектасов. 

Екінші мәселе тіптен күрделі. Адамдар демалыс орнындағы мәдениетті ұмытқандай. Пестрое көлі жағасының сиқы адам шошырлық. Айналасы бей-берекет шашылған қоқыс. Біреу шашқан қалдықты Азат Жұмағұл сынды табиғат жанашырлары жинамаса көрініс бұдан да жағымсыз балар ма еді.

 «Бұл мәселені шешудің тек 1 жолы бар. Қоғамдық орындарда қоқысты шашып кеткен адамдарға айыппұл салу керек. Мұндай жерлерге бейнекамералар орнатылса дұрыс болар еді. Себебі, апта сайын бұл жерді жинаймыз. Қайтып келсек, қоқыстар қайта шашылып жатады», — дейді табиғат жанашыры Азат Жұмағұл.

Полигонда жатқан, демалыс орындарында шашылған қоқыстың денін өндеуге болады. Бірер жыл бұрын бұл бағытта аулаларда арнайы қоқыс жәшіктері қойылған еді. Тұрғындардың көбі қалдықтарды сұрыптап салды. Олардың тасымалдап және қайта өңдейтін серіктестіктер де “Өндірушінің кеңейтілген міндеттемелері операторынан” қолдау тапты. Сол кездері ахуал біраз жақсарды. Бірақ, бұл оператор кейін жұмысын тоқтатты. Осылайша контейнерлер де алынып тасталды. Қазір қалдықты қайта өндейтін компаниялар саусақпен санарлық. Солардың бірі – “Радуга” серіктестігі. 

«Өндіріске қолданатын шикізаттың бір бөлігі – қайталама шикізат. Ол – картон мен қағаздар. Полиэтилен мен бөтелкелер де қолданылады. Қазір серіктестікте 16 өндірістік учаске болса, соның 4-еуінде қайта өнделген заттар іске жаратылады. Басында біз зауыттан шығарылған кем-кетігі бар дүниелерді өндей бастадық. Бұл арқылы энергия мен ресурсты үнемдейміз. Қазір шикізатты басқа өңірлерден де алдыртамыз», — дейді «Радуга» ЖШС директорының орынбасары Дәурен Қатронов. 

Өткен жылы 82 мың тонна қалдықтың тек 15% сұрыпталған. Қалғаны полигонға төгілді. Айта кетейік, қазір күнделікті қаладан 180 тонна қоқыс шығарылады.

 

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *