Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Источник погодных данных: Ауа райы

Законопослушный гражданин

Ақпарат агенттігі

СҚО –дағы шошқа фермасындағы 4 адамның қазасы: Жұмыс берушінің кінәсі 80% дәлелденді

Солтүстік Қазақстан облысында шошқа өсіретін кешенде мерт болған 4 жұмысшыға қатысты тексеріс аяқталды. Оның қорытындысына сәйкес жұмыс берушінің кінәсі 80% дәлелденді, деп хабарлайды  тілшіміз.

Облыстық мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасы мамандарының  мәліметінше олар Тайынша ауданына қарасты Новоивановка елді мекенінде орналасқан  шошқа кешенінде тергеу жүргізді.

Тамыз айының басында шошқа бордақылау алаңында сегіз метрлік кәріз құдығын тазалау кезінде төрт жұмысшы мерт болған еді. Бүгінде іс материалдары аудандық полиция бөліміне жіберілді.

«Жұмыс берушінің кінәсі 80% дәлелденді. Технологиялық процестердің сақталмағандығы, еңбек қауіпсіздігі бойынша оқытудың жеткіліксіздігі, жұмыстың жеткілікті деңгейде ұйымдастырылмауы, жұмысшылардың жеке және ұжымдық қорғану құралдарымен қамтамасыз етілмеуі, машина, қондырғы, механизмдердің жеткіліксіздігі анықталды. Ал қалған 20% — қаза тапқан жұмысшылардың қауіпсіздік ережелерін өрескел түрде сақтамауынан. Олар қорғану құралдарының бір бөлігімен қамтылған, бірақ оны жұмыс барысында қолданбаған», — дейді басқарманың еңбекті қорғау және қауіпсіздікті бақылау бөлімінің басшысы Азат Күшербаев.

 

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *