Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Источник погодных данных: Ауа райы

Законопослушный гражданин

Ақпарат агенттігі

Жетім балалардың құқығы басты назарда

Солтүстік Қазақстан облысы прокуратурасының бастамасымен арнайы жиын өтті. Оған жергілікті билікпен интернаттық мекемелердің және барлық уәкілетті органдардың басшылары қатысты, деп хабарлайды тілшіміз.

Облыста Айыртау, Мағжан Жұмабаев, Қызылжар аудандары мен Петропавл қаласында орналасқан жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған төрт мекеме жұмыс істейді.

Кездесу барысында өрт қауіпсіздігі, санитарлық-эпидемиологиялық, медициналық және фармацевтикалық бақылау саласындағы заңнама талаптарының бұзылуы және балаларды қамтамасыз етудің басқа да проблемалық  сұрақтар  талқыланды.

Кеңес қорытындысы бойынша орындау мерзімдері мен  анықталған  бұзушылықтар жою жөніндегі  іс-шараларды айқындай отырып, жол картасын әзірлеу туралы шешім қабылданды.

Кездесуде жетім балалардың жағдайларын жақсарту мақсатында,  интернаттық мекемелерді қаржыландыруды 2,5 есеге ұлғайту туралы шешім қабылданды.

Жетім балалардың интернат жағдайында  заңнама талаптарына сәйкес өмір сүру жағдайын қамтамасыз ету жергілікті биліктің жіті бақылауында.

 

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *