Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Источник погодных данных: Ауа райы

Законопослушный гражданин

Ақпарат агенттігі

Петропавл қаласының тұрғыны өз баласын терезеден лақтырмақ болды

Шаhар тұрғыны өзінің жасқа толмаған баласын терезеден лақтырып жібермеші болды. Оқиға 20 қыркүйек сағат 17:49 шамасында Петропавл қаласының Маяковский 93 мекенжайында орналасқан жатақханада болған, деп хабарлайды тілшіміз.

Масаң күйде болған 23 жастағы азамат әйелімен жанжалдасып, өз баласын 5-ші қабаттан лақтырып жіберемін деп қорқытқан. Оқиға орнына учаскелік полиция инспекторлары, ТЖД және  медицина қызметкерлері келді. Құтқарушылар терезе арқылы ішке енді.

«Тәртіп сақшылары келгенде ер адам бөлмені іштен құлыптап алып ешкімді кіргізбеген. Содан құтқару операциясы басталды. ТЖД қызметкері өзін шатырға байлап, терезе арқылы бөлмеге енді. Ер адамды еденге құлатып, есікті ашқан соң ішке СҚО ПД Жылдам қимылдайтын арнайы жасағының қызметкерлері кіріп, бөлменің иесін қолға түсірді», – делінген хабарлайды облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Аталған факті бойынша қазір сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Абырой болғанда ешкім зардап шеккен жоқ. 2023 жылы туған қыз бала дін аман. Нәресте бірден медицина қызметкерлеріне тапсырылды.

 

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *