Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Петропавловск
+23°C
Морось
Источник погодных данных: Ауа райы
07:43:42Четверг

Законопослушный гражданин

Ақпарат агенттігі

Петропавлда жол жүру ақысы қымбаттайды

Облыс орталығында қыркүйектің 25-сінен бастап  қоғамдық көліктерде жол жүру ақысы қымбаттады. Енді тұрғындар картамен 100 теңге төлесе, қолма-қол есеп айырысатын жолаушылар 170 теңге төлеуі тиіс.

Ал оқушылар картамен – 50, ақшалай 80 теңге береді. Жалпы, бүгінде қалада  күнделікті 18 бағытқа 185 автобус қатынайды. Қоғамдық көліктер күніне орта есеппен 75 мыңға жуық жолаушы тасымалдайды.

Мұнымен қоса қалада 3 ай бойы болмаған оқушылар картасы жеткізілді.

«Облыс орталығында жол ақысы соңғы рет 2017 жылы көтерілді. Одан бері дизель отыны қымбаттады, жұмысшылардың жалақысы өсті. Соған байланысты жаңа тариф бекітіліп отыр. Ал өзге өңірлердің жолақысы қаңтар айында өзгерген болатын», — дейді «СҚО Автокөлік одағы» қауымдастығының төрағасы Галина Семёнова.

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *