СҚО-да мамандандырылған табиғат қорғау прокуроры тағайындалды
Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2023 жылғы 20 қыркүйектегі бұйрығымен СҚО мамандандырылған табиғат қорғау прокуроры тағайындалды, деп хабарлайды тілшіміз.
Бұл қызметкер аға әділет кеңесшісі Қорғанбаев Батыр Ноғайбайұлы тағайындалды.
Батыр Қорғанбаев прокуратура органдарындағы қызметін 2000 жылы бастаған. Алғашында Алматы облысы прокуратурасы жанындағы ҚСжАЕК статистиканы құрастыру бөлімінің прокуроры лауазымынан бастаған.
2002 жылдан бастап 2022 жылдар аралығында Алматы, Оңтүстік Қазақстан және Павлодар облыстарының прокуратураларында жұмыс істеген (аудан прокуроры, облыс прокурорының халықаралық ынтымақтастық және кадрлар жұмысы саласындағы аға көмекшісі, Аппарат басшысы).
2022 жылдың қазан айынан бастап Павлодар облысы прокуратурасының сотқа дейінгі тергеп-тексерудің заңдылығын қадағалау және қылмыстық қудалау басқармасының бастығы лауазымында болған.
Прокуратура органындағы жалпы еңбек өтілі 23 жылдан асады.