Петропавлда мектепте оқушыларға балтамен шабуыл жасаған балаға қатысты тергеу аяқталды
Петропавлда қатарластарына балтамен шабуылдаған оқушыға қатысты тергеу аяқталды. Іс прокуратураға жолданды, деп хабарлайды тілшіміз Qazaqstan Media сайтына сілтеме жасап.
Естеріңізге сала кетейік, жыл басында Петропавлдағы № 4 орта мектептің 9-сынып оқушысы қатарластарына балтамен тап беріп, 3 баланы жарақаттаған болатын. Кейін белгілі болғандай шабуыл жасаған жасөспірім «Депрессия» диагнозымен психиатриялық есепте тұрған екен. Оған қоса мұғалімдердің айтуынша, күдікті құрдастары тарапынан буллингке ұшыраған. Қоғамды дүрліктірген аталмыш іске қатысты тергеу жуырда аяқталды.
«Қазіргі уақытта Петропавлдағы № 4 орта мектеп оқушыларына шабуыл жасау фактісі бойынша қылмыстық іс бойынша тергеу аяқталды. Іс одан әрі танысу үшін прокуратураға берілді. Кейін сотқа жолданады», – деп хабарлады СҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі.