Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Источник погодных данных: Ауа райы

Законопослушный гражданин

Ақпарат агенттігі

СҚО-да қой ұрлаумен айналысқан 7 жігіт қамауға алынды

СҚО Есіл ауданы полиция бөлімінің қызметкерлері бірнеше мал ұрлығын жасады деген күдікпен облыстың 18-22 жас аралығындағы 7 азаматты ұстады, деп хабарлайды тілшіміз.

Қазір аталған фактіге қатысты тергеу басталды.

Қылмыстар биыл жазда Есіл ауданында, тағы 2 факті Мамлют және Шал ақын аудандарында жасалған. Белгісіз қылмыскерлер ауыл тұрғындарының қора-қопсыларына кіріп, қойларды ұрлап отырған. Бір ұрлағанда 6 бас қойдан алып кеткендігі белгілі болды.

Тамыз айында жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде полицейлер облыстың 7 тұрғынын ұстады. Тергеу барысында олардың ұрланған малдың етін Петропавл қаласында сатқаны анықталды. Сатып алушыдан 4 бас қой тәркіленді.

Белгілі болғандай, малдары ұрланғандар полицияға жүгінбеген. Малдары өздері жоғалып кеткен болуы мүмкін деп ойлаған. Бірқатар фактілер тек тергеу барысында анықталды.

Бүгінде бұл істе 10 эпизод бар. Соңғысы сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне 19 қыркүйекте тіркелген.

Барлығы 31 малдың ұрланғаны белгілі болды. Күдіктілер қамауға алынды. ҚР ҚК-нің 188-1-бабы 3-бөлігі («Мал ұрлау») бойынша тергеу жүргізіліп жатыр.

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *