Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Источник погодных данных: Ауа райы

Законопослушный гражданин

Ақпарат агенттігі

Петропалдық өрт сөндірушілер 12 жастағы баланы құтқарды

Петропавлда өрт сөндірушілер жанып жатқан пәтерден 12 жастағы баланы құтқарып қалды. Қызыл жалын облыс орталығындағы көпқабатты үйлердің бірінде болған, деп хабарлайды тілшіміз.

Төтенше жағдай 27 қыркүйек күні сағат 14.00-де Жуков көшесі, 3 мекенжайындағы 6 қабатты тұрғын үйдің соңғы қабатындағы пәтерлердің бірінде болды. Құтқарушылар оқиға орнына келгенде баспананы қалың түтін басып, тұрғындарды эвакуациялауға кедергі келтірген. Дегенмен құтқарушылар 12 адамды, оның ішінде 3 баланы баспалдақпен сыртқа шығарып алды.

«Пәтердегі барлық бөлмені түтін басты. Ал жатын бөлмесінде жеке заттар жанып жатты. Біз бөлмелердің бірінде бала бар екенін білдік. Ол 101 қызметінің диспетчері Жанерке Жиентаеваға бейне қоңырау арқылы хабарласып қай жерде екенін көрсетті. Оның қасына келгенде 12 жасар баланың терезені ашып, сол жерде тыныс алып отырғандығын көрдім. Оны құтқарып, жедел жәрдем қызметкерлеріне тапсырдым. Осы кезде үйде күтіп отырған үш балам есіме түсті», – деді СҚО ТЖД Өрт сөндіру қызметінің №2 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімі бөлімшесінің командирі Балқат Токин.

Бала облыстық балалар ауруханасына жеткізілді. Оның өміріне еш қауіп төніп тұрған жоқ. Тілсіз жау лектр сымдарының  тұйықталуынан болды деген болжам жасалып отыр.

Қызыл жалын 14 сағат 34 минутта ауыздықталды. 5 шаршы метрді құраған отты сөндіруге 23 маман мен 7 арнайы техника жұмылдырылды.

От ортасында қалып, құтқарылған баланың әкесі өрт сөндірушілерге алғысын білдірді.

 

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *