Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Источник погодных данных: Ауа райы

Законопослушный гражданин

Ақпарат агенттігі

Петропавлда 2,5 мыңға жуық адам көлік салығын төлемеген

Көлік салығын төлемеген 2400 петропавлдықтың қарызы 198 млн теңгені құрап отыр, деп хабарлайды тілшіміз.

Қалалық мемлекеттік кірістер басқармасының мамандары полиция қызметкерлерімен бірлесіп рейд ұйымдастырды. Шара барысында берешегін өтемегендерді «Қорғау» жүйесінің көмегі анықтайды. Яғни аппарат жүргізушінің қарызы бар ма, болса қанша екенін анықтауға мүмкіндік береді. Анықталған жағдайда айыпты азаматтың темір тұлпары айып тұрағына қойылады.

«Тұрғындардың салығы 1 айлық есептік көрсеткіштен көп болмауы керек. Жүргізуші өзінің қанша берешегі барын е-Salyq Azamat-тан біле алады. Сондай-ақ, қарызын да сол мобильдік қосымша арқылы төлеуіне болады. Қандай да бір сұрақ туындаған жағдайда Кәрім Сүтішев көшесі, 56 А мекенжайындағы кеңсеге келіп немесе 46-60-75 нөміріне қоңырау шалып жауап алуға болады», — деді Петропавл қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының бас маманы Анастасия Долгушина.

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *