СҚО-да 3 ауданның әкімі сайланады
Солтүстік Қазақстан облысында 3 ауданның әкімі сайланады. Саяси дода Есіл, Мамлют және Тимирезев аудандарында өтеді, деп хабарлайды тілшіміз. Бүгінде дайындық жұмыстары қыза түсті. Жауапты мамандардың айтуынша 5 қазанда кандидаттарды ұсыну мерзімі аяқталды. Құжат тапсырғандардың жартысы саяси партиялардан болса, қағаны өзін-өзі ұсынғандар. Үміткерлердің ең жасы 32-жаста, ал үлкені 61-де. Сайлау өтетін елді мекендерде 36 мыңнан астам сайлаушы бар. Енді алдағы уақытта өңірде 84 сайлау учаскесі жасақталатын болады.
Жалпы, естеріңізге сала кетейік елімізде бесінші қараша күні халық алғаш рет аудан әкімдерін таңдайтын болады.
«Үш сайлау округі бойынша 12 кандидат ұсынылды. Оның үшеуі «Amanat» партисынан, үшеуі Қазақстан халық партиясынан. Және алтауы өзін-өзі ұсынған. Осылайша бәсекелестік бір орынға төрт адамды құрап отыр. Қазіргі таңда 11 кандидаттың сәйкестігі анықталды. Бір кандидат мемлекеттік қызмет саласындағы заңнаманың талаптарына сәйкес келмейді» , — дейді облыстық сайлау комиссиясының мүшесі Сағындық Рахымжан.