Петропавл қаласының 38 жастағы тұрғынынан аса ірі көлемде есірткі табылды
Петропавл қаласының тұрғыны синтетикалық есірткінің аса ірі партиясымен ұсталды. Тәртіп сақшыларының айтуынша, күдікті үш ай бойы есірткі таратумен айналысқан, деп хабарлайды тілшіміз.
38 жастағы қала тұрғынын тәтіп сақшылары сәуір айында қолға түсірген. Ол облыс орталығында Интернационал көшесіндегі үйлердің бірінің ауласына есірткі жасырып жүрген сәтінде ұсталды. Тінту кезінде одан ішінде кристалл тәрізді зат бар 25 полимерлі орама және есірткіні қолдануға арналған құрылғылар тәркіленді. Кейін сараптама көрсеткендей, тәркіленген зат α-PvP және мефедрон синтетикалық психоактивті заттары екені белгілі болды. Тәркіленгеннің жалпы салмағы – 20,89 грамм, бұл аса ірі мөлшерге жатады.
«Бұның 100-ден астам адамды нашақорлыққа тартуға жеткілікті. Бұл факті ҚР Қылмыстық кодексінің 297-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімінде тіркелді. Бұрын күдікті есірткіні сату мақсатынсыз заңсыз қолданғаны үшін сотталған. Қазіргі уақытта ол күзетпен қамауда, іс материалдары сотқа жіберілді», – дейді СҚО ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Руслан Сапаров.