Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Источник погодных данных: Ауа райы

Законопослушный гражданин

Ақпарат агенттігі

Петропавлда жарықты тегін жағып отырған жатақхана электр қуатынан ажыратылды

Петропавлдағы жатақханалардың бірі жарықтан ажыратылды. Электр энергиясымен жабдықтаушы компания тексеріс кезінде мұндағы тұрғындардың электр қуатын тегін пайдаланып келгенін анықтаған. Жалпы өңірде жыл басынан бері энергияны келісімшартсыз пайдаланудың 40-тан астам дерегі анықталды, деп хабарлайды тілшіміз  ҚазАқпарат сайтына сілтеме жасап.

«СевКазЭнерго» АҚ баспасөз қызметінің мәліметінше, тұтынушылардың арасында электр қуатын заңсыз пайдалану фактісі азаймай тұр.

Мәселен Петропавлдағы Интернационал, 21 мекенжайында орналасқан жатақхана бүгінде жарықсыз отыр.

Бұл баспанада 2021 жылы ақпан айында газ баллоны жарылып, ғимараттың бір бөлігіне зақым келген еді.

«Біздің компания да тұрғындар зардап шеккенде басқалар секілді оларға көмек көрсетті. Жатақхананы электрмен қамту үшін «Солтүстік Қазақстан Электржелістік тарату компаниясы» АҚ өз қаражатына тұтынушылардың өрттен зақымданған кабельдік желілерін қалыпқа келтірді. Мамандар электр қуатын өлшейтын құрылғыларды да орнатты. Кейін тұрғындар келісімшартқа отырып, есепке қойып, пайдаланған электр қуаты үшін есеп айырысуы керек еді. Алайда олар бұл жұмыстың бірін атқармады. Қыркүйек айында кезекті тексеріс кезінде тұрғындардың электр қуатын заңсыз пайдаланып жатқанын анықтадық», — дейді компания өкілі.

Маманның айтуынша, мәселені шешу үшін компания қызметкерлері бірнеше рет тұрғындармен кездескен, келісімшартқа отыру үшін қандай құжаттар қажеттігін айтқан.

Жатақхананы басқаратын пәтер иелері кооперативін немесе мүлік иелері бірлестігін құруға кеңес берген.

Алайда мұның бірі де істелмеген.

«Электр қуаты – бұл да тауар, оның да өз өлшемі және құны бар, ол есептегіш құралы арқылы өлшеніп, соған сай төленуі керек. Өңірде жыл басынан бері энергияны келісімшартсыз пайдаланудың 40-тан астам дерегі анықталды. Бұл – 1,3 млн кВт/с», — дейді компания өкілі. 

 

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *