4 жасар Әлішерге шұғыл түрде көмек қажет
Ауыр сырқатқа шалдыққан 4 жасар Әлішер есімді балаға шұғыл түрде ем керек. Дәрігерлер балақайға өте сирек кездесетін spina bifida диагнозын қойып отыр, деп хабарлайды тілшіміз.
Бұл ауру зәр шығару жүйесі мен бүйрекке де әсер етеді. Ата-ананың бармаған жері, баспаған тауы қалмапты. Алайда, бұл дертті емдеуге отандық мамандар қауқарсыз болып отыр,
«Балам арқасындағы ісікпен бірге туылды. Дәрігерлер бізге бір айдан кейін хирург жоспарлаған процедурадан өтесіз деді. Бір айдан кейін хирургқа бардық, ол қатерлі ісік – тератома диагнозын қойды. Содан Астанаға барып тексерілдік. Онда spina bifida диагнозын қойып отыр. Өңірде балалар нейрохирургы болмағандықтан жыл сайын Астанаға барып қараламыз. Жоспарлы МРТ-дан өтеміз және аяқтың сезгіштігін тексереді», — дейді Әлішердің анасы Гүлсім Тукаева.
Үміттері үзілмеген ата-ана баласын емдеуге келісімін берген клиниканы Израильден тауыпты. Алайда, баланы өзге елге апарып емдету үшін қомақты қаражат керек. Жалғыз отағасының айлығы отбасын асыраудан және баланың күнделікті дәрі-дәрмегінен артылмайды. Тез арада Әлішерге ота жасалмаса бала қалған өмірін мүгедектер арбасында өткізуі мүмкін.
«Бірінші рет 3 айында липоманы алып тастау үшін ота жасалды. Қазір Әлішерге Израильде қымбат операция жасату қажет. Ол үшін бізге 32 млн теңгеден астам қаражат керек болып тұр. Әзірге оның 7 миллионы жиналды. Баламның сол жақ аяғына қарағанда оң жақ аяғының жағдайы нашарлау. Балалармен бірге ойнаған кезде тез шаршап қала береді. Тезірек жазылып кеткенін қалаймыз», — дейді анасы.
Балаға жедел түрде операция жасалмаса дерті асқынып кетуі мүмкін. Бүлдіршінге қол ұшын созам деушілер мына көрсетілген нөмірлерге қаражат аудара алады.
Kaspi Gold: +7 777 273 6960 Әлішердің анасы Гульсум Т.
Halyk bank: 4405 6397 6445 3831 Әлішердің анасы
GULSUM TYKAYEVA
Сбербанк РФ: 2202 2013 5628 1598 Әлішердің әпкесі
ELMIRA KASHUMBAEVA
Айта кетке жөн, қазанның 13-і күні сағат 19:00-де Ақан сері атындағы облыстық филармонияда Әлішердің еміне қаражат жинау мақсатында қайырымдылық концерті өтеді.