СҚО прокуратурасы: Судың тарифін негізсіз көтерген
Тимирязев ауданында жүргізілген талдау жұмыстары кезінде жоғары тариф бойынша су үшін ақы алу фактісі анықталды, деп хабарлайды тілшіміз.
Кәсіпкер «Табиғи монополиялар туралы» Заңның талаптарын бұза отырып, 2021 жылғы қыркүйектен 2022 жылғы тамызға дейін уақытша өтемдік тарифтің қолданылу кезеңінде тұрғындардан сумен жабдықтау қызметтері үшін 59,79 теңге/м3 орнына 88,45 теңге/м3 мөлшерінде ақы алып келген.
Ал тұрғындар үшін ол- 28,66 теңге/ м3 немесе бекітілген тарифтен 32% құрады.
Сол сияқты, жоғары тариф бойынша бұл қызметтер үшін төлем бизнес субъектілерінен, бюджеттік ұйымдардан және басқа тұтынушылардан алынғандығы белгілі болды.
Осының арқасында монополист компания заңсыз әрекеттердің арқасында 5,8 млн. теңге сомасында пайда тапқан.
«Аудандық қадағалау органының актісі бойынша облыстың табиғи монополияларды реттеу Департаменті Қазақстан Республикасы «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 164-бабы бойынша халық үшін су құнын м3 үшін 59,79 теңгеге дейін, ал басқа тұтынушылар үшін м3 үшін 524,34 теңгеге дейін төмендете отырып, уақытша өтемдік тариф енгізе отырып, айыппұл түрінде әкімшілік жауапкершілікке тартты», — делінген облыстық прокуратура таратқан хабарламада.
Монополист қаражатты өтеуді төмендетілген тарифті қолдану арқылы 2023 жылғы 1 желтоқсаннан 2026 жылғы 30 қарашаға дейін жүзеге асыратын болады.
Азаматтардың құқықтарын қорғау мәселесі облыс прокуратурасының бақылауында.