Еліміздің төрт өңірінде үсік жүреді – синоптиктер
«Қазгидромет» РМК ел аумағында 16 қазанда болатын қауіпті метеорологиялық құбылыстарға болжам жасады.
«Еліміздің басым бөлігі антициклонның әсерінде болғандықтан, жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі, тек елдің солтүстігінде, шығысында атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты жауын-шашын (жаңбыр, қар) түсіп, екпінді жел соғады. Республика бойынша түнгі және таңертеңгі сағаттарда тұман түседі», — деп жазды синоптиктер.
Алматы облысының солтүстігінде, оңтүстігінде топырақ бетінде, Қызылорда облысының солтүстігінде, Жамбыл облысының таулы аудандарында, Жетісу облысының орталығында, таулы аудандарында 3 градусқа дейін үсік күтіледі.