Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Источник погодных данных: Ауа райы

Законопослушный гражданин

Ақпарат агенттігі

СҚО-ға бес мыңнан астам маман жетіспейді

Тұрғындары тығыз орналасқан өңірлерден жұмыс күші тапшы аймақтарға көш жалғасып жатыр. Биыл Солтүстік Қазақстан облысына  2700-ден астам адамды қабылдау үшін арнайы квота бөлінді. Дегенмен аймаққа әлі де бес мыңнан астам маман жетіспейді. Аққайыңдар өлкесіне арнайы жұмыс сапарымен барған депутаттар, бұл мәселені алдағы 2-3 жылда шешу керектігін баса айтты, деп хабарлайды тілшміз.

Ғалимзан Минхаеров 2021 жылы Маңғыстау облысынан Мамлютка қаласына қоныс аударды. Мақсаты кәсіп ашып, мал шаруашылығымен айналысу еді. Қазір 20 шақты қойы бар. Енді оның жүнін кәдеге жаратуға ниетті.

«Өзім грант алып, осында мал шаруашылығына кірістім. Қазір қой сатып алып, өсіріп жатырмын. Жолдасымда грант алған еді. Ол тігінші. Яғни көрпе, киім тігеді. Алғашқы д.ниелері де дайын болып қалды. Бірақ оны әлі сатылымға шығарған жоқпыз. Жергілікті жүрт алады ма, алмайды ма ? Ол жағы белгісіз. Жақын күндері енді д.кендерге апарамыз», — дейді Мамлютка қаласының тұрғыны Ғалимзан Минхаеров 

Биыл Солтүстік Қазақстан облысына қоныс аударушылармен қандастарды қабылдау үшін 2700-ден астам квота бөлінді. Келген ағайынға материалдық көмек беріп, баспана сатып алуға ел қазынасынан 2,1 милилард теңге бағытталды. Қазір оның жартысы игерілді. 

«Қазір біздің облысымызда бес мыңнан астам бос жұмыс орны бар. Көбінесе аймаққа ауыл шаруашылғы саласына мамандар қажет. Бұдан қалды білім саласында да кадр жетіспеушілігі байқалады. Келесі жылы да тағы екі мыңнан астам квота бқлінеді деген ойдамын», — дейді облыстық жүмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Ринат Елжасов.

Аймаққа Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің мүшелері келді. Шараның негізгі мақсаты «Демографиялық өсу – ұлттың бәсекелестік артықшылықтарының негізі» тақырыбы бойынша үкімет сағатына дайындық аясында қандастардың ішкі көші-қоны мен көші-қонын реттеу мәселелерін талқылау болып отыр. Солтүстікте маман тапшылығы өзекті мәселеге айналған. Сол себепті халықты теріскейге көптеп тарту үшін жаңадан бағдарлама керектігін айтты.

«Менің ойымша бұл мәселеге үлкен мән беру керек. Бұған мемлекеттік арнайы бағдарлама өажет. Мысалы «Серпін» деген жастарды оқыту бағдарламасы болды ғой. Сол сияқты жұмыс істейтін азаматтарды, жерді игеруге, осы жердің өнімін алуға, Қазақстанның мына кең байтақ жерін дұрыс пайдалануға бағыттайтын мемлекеттік бағдарламаның жобасын жасауды да қарастыратын боламыз», — деді ҚР Парламенті Сенатының депутаты Нұртөре Жүсіп.     

 

Жалпы жыл басынан бері облысқа оңтүстіктен 700-ден астам отбасы көшіп келді. Тағы 69-ы Ресей және Моңғолиядан қоныс аударды.

 

 

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *