Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Источник погодных данных: Ауа райы

Законопослушный гражданин

Ақпарат агенттігі

Ақжар аудандық әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы бөлімі басшысының іс әрекеті Әдеп жөніндегі кеңесте қаралды

Петропавлда Әдеп жөніндегі кеңестің кезекті отырысы өтті, деп хабарлайды тілшіміз.

Онда Ақжар ауданындағы тұрғын үй-коммуналдық шарушалығы бөлімі басшысына қатысты мәселе қаралды. Арыстан Әбілдинов мемлекеттік қызметке қайшы әрекет жасаған. Және ол бірінші рет емес.

«Ақжар ауданына қарасты Құлыкөл ауылында салынған үйді жауапты тұлға қабылдап алған. Бірақ, нысан техникалық тұрғыда тиісті стандарттарға сәйкес келмей шықты. Мәселен құжатта үйдің көлемі 46 шаршы метр деп көрсетілген. Бірақ, іс жүзінде небәрі 33,5 шаршы метрді құрады. Сондай-ақ, тұрғын үй қоспәтерлі болуы керек еді. Бүгінгі күні аудандық ТҮКШ бөлімі 17 миллион 935 мың теңге сомасында тұрғын үй сатып алу төлемін жүргізіп қойған», — деді жиын барысында ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі СҚО бойынша департаменті басқармасының бас маманы Динара Қонтаева.

Арыстан Әбілдинов бұл қызметке 2020-шы жылдың қыркүйек айында келген. Ол  өз жұмысын тиісті деңгейде орындамағаны үшін қыркүйек айында тәртіптік жазаға тартылған. Араға екі ай салып жағдай тағы қайталанған. Дегенмен мемлекеттік қызметші өз қателігін мойындамай отыр. Тіпті  өз құқығын сотта қорғауға ниетті.

«Бұл мәселеге қатысты алып-қосарларыңыз болмаса, шешім шығаруды ұсынамын. Бұл проблеманы шешудің бір ғана жолы бар. Ол азаматты қызметінен босату. Дауыс берулерңізді сұраймын», — деп қысқа қайырды Әдеп жөніндегі кеңестің төрағасы Дулат Тайшабай.

Арыстан Әбілдиновты жұмысынан босату туралы ұсынымды әдеп жөніндегі кеңес мүшелері бірауыздан қолдады.

 

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *