Биыл 7,5 мың қазақстандық солтүстік пен шығыс өңірлерге көшкен
Биыл қаңтар – қыркүйек аралығында 7,5 мың қазақстандық еліміздің солтүстік пен шығыс өңірлеріне көшіп барған. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова айтты, деп хабарлады тілшіміз Halyq Uni сайтына сілтеме жасап.
Үкімет отырысында министр 2023 жылғы 9 айдың қорытындысы бойынша халықты жұмыспен қамту туралы есеп берді.
Министрдің айтуынша, Қазақстанның көші-қон саясатының жаңа тұжырымдамасына сәйкес қоныс аудару механизмі қайта қаралған.
«Еңбек күші артық өңірлерден қоныс аударуды ынталандыру үшін жаңа жердегі тұрғын үй құнының 50% мөлшерінде (жұмыс беруші растаған жұмыс орны болған кезде) қаржылық көмекке құқық беретін Ұтқырлық сертификаты енгізілді.
Осығын орай қазір 7,5 мың адам солтүстік және шығыс өңірдерге қоныс аударды немесе жылдық жоспардың 87%-ы орындалды.
Ұлытау облысын қоспағанда басқа облыстарда көшу үрдісі жоғары деңгейде жүзеге асырылып жатыр. Ішкі қоныс аударушылар – көбіне Түркістан және Алматы облыстарының бұрынғы тұрғындары», — деді Светлана Жақыпова.
Министр көшіп келген қазақстардықтардың 73%-ы жұмыспен қамтылғанын атап өтті.
«Яғни 5,2 мың адамға көшу шығыстарын өтеу үшін біржолғы материалдық көмек берілді. 622 отбасы экономикалық ұтқырлық сертификатын алды, 395 отбасы солтүстік өңірлерде баспаналы болды. Іске асарылып отырған шаралар ішкі көші-қон саясатын тиімді «қайта жүктеуге» мүмкіндік береді», — деп сөзін түйіндеді ведомство басшысы.