Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Источник погодных данных: Ауа райы

Законопослушный гражданин

Ақпарат агенттігі

СҚО-да зейнеткерден 16 патрон табылды

СҚО қарасты Жамбыл ауданының тұрғынынан 16 паторон табылды. Бұрын аңшы болған 61 жастағы ер адам, мылтығын полицияға тапсырып, оқты өзіне қалдырған, деп хабарлайды  тілшіміз.

Зейнеткер бұрындары аңшылық құрған. Кейін 2012 жылы 12-калибрлі мытығын тәртіп сақшыларына өткізіпті. Алайда патрондарды өзінде қалдырып, осын күнге дейін заңсыз сақтап келген.  Аталған фактіге қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 482-бабы бойынша материал жиналды.

«16 қазан күні басталған «Құқықтық тәртіп» жедел-профилактикалық іс-шарасының  алғашқы күнінде облыста 27 бірлік оқ-дәрі, 1 тегіс ұңғылы мылтық тәркіленді. Сондай-ақ иесіз қалған 270-тен астам үй, 58 саяжай учаскесі, 132 жалдамалы пәтер, 700-ден астам есепте тұрған тұлға, 68 қолайсыз отбасы және отбасыларында құқық бұзушылықтар жасағаны үшін қорғау ұйғарымы жазылып берілген 97 адам тұрғылықты мекенжайлары бойынша тексерілді», – дейді СҚО ПД жергілікті полиция қызметі басқармасы бастығының міндетін атқарушы Александр Розбах.

 

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *