Петропавлда тәртіп сақшысы балконынан секірмек болған әйелді құтқарып қалды
Петропалдық үшінші қабаттан секірмек болған әйелді полиция қызметкері құтқарып қалды, деп хабарлайды тілшіміз. Оқыс оқиға тамыз айында болған. Әйел күйеуімен ұрсысып қалып, үшінші қабаттан секірмекші болған. Бұл жайында Дамир Кежеғарин жол қауіпсіздігі тақырыбы бойынша жүргізушілерге бейне өтініш жазу кезінде бөлісті.
«Сағат түнгі он шамасында полицияның кезекші бөліміне отбасылық жанжал туралы хабарлама түседі. Ер адам мас болып, үйінде ұрыс шығарыпты. Тәртіп сақшылары шақыртуға барып, отағасын тыныштандырып жатқан кезде, әйелі балконға шығып кеткен. Петропавл қалалық ПБ патрульдік полиция батальонының қызметкері Дамир Кенжеғарин оның сыртқы терезені ашып тұрғанын көріп қалады. Жылдам қимылдап, келіншекті секірмек болған жерінен аман алып қалады». –делінген СҚО ПД баспасөз қызметі таратқан хабарламада.
Полицейлер жанжал шығарған азаматқа қатысты әкімшілік материал жинады.