Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Источник погодных данных: Ауа райы

Законопослушный гражданин

Ақпарат агенттігі

СҚО-да бауыр еті баласына алимент төлемей жүрген 21 азаматқа қылмыстық іс қозғалды

Елімізде  алимент төлемей жүрген 1618 адамға іздеу жарияланды. Ал оның 1476-ы ер азамат болса, 142-і әйел. Солтүстік Қазақстан облысында бауыр еті баласына алимент тқлемеген 21 азаматқа қатысты қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды тілшіміз. 

Бас прокуратураның құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі  комитетінің статистикалық деректеріне сүйенетін болсақ, іздестіруде жүргендердің көбі 31 жастан 40 жасқа дейінгі азаматтар екендігі белгілі болды.  Өңірлердегі жағдай мынадай:

Астана – 361,

Алматы – 191,

Ақтөбе – 143,

Қостанай – 140,

Жамбыл – 140,

Павлодар – 108,

Алматы – 102,

Маңғыстау – 59 облыстарында іздеуге салынғандар.

2023 жылдың 9 айында СДТБТ-да алимент төлеу жөніндегі міндеттерді қасақана орындамау фактілері бойынша 427 қылмыстық іс тіркелген

Аймақ бойынша мұндай қылмыстық құқық бұзушылықтадың ең көп бөлігі :

Маңғыстау – 46,

Алматы (о) – 45,

Қостанай – 44,

Шығыс Қазақстан – 43,

Павлодар – 40,

Қарағанды – 35,

Абай – 32,

Ақмола – 26,

Солтүстік Қазақстан-21,

Астана (қ) – 17 облыстарында тіркелген.

Осы кезеңде Қылмыстық кодекстің 139-бабы бойынша елімізде 207 адам сотталды. 4 адам бас бостандығынан айырылса, 2-еуі шартты түрде сотталған. 196 адам бас бостандығынан шектетілді, тағы 5-еуі қоғамдық жұмысқа  тартылды.

 

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *