Жарияланған күні: 20.10.2023
Алтын рудасын тасымалдағандар қолға түсті
СҚО-да алтын рудасын заңсыз тасымалдағандар қолға түсті. Қазан айында «Бидайық» шекаралық бақылау бөлімшесінің шекарашыларының қырағылығы арқасында пысықайлардың жолы кесілді, деп хабарлайды тілшіміз.
ҚР ҰҚК Шекара қызметінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментінің қызметкерлері келушілердің жүктерін тексеру барысында Степногорск қаласынан Ресей Федерациясының Омбы қаласына жолға шыққан көлікті тоқтатты. Қазақстан азаматының автокөлігінде салмағы шамамен 400-500 грамм болатын 7 дана алтын рудасы тәркіленді.
Ұсталған азаматтың сөзіне қарағанда, ол тастарды кәдесый ретінде жинаған көрінеді. Күдікті Уәлиханов ауданы бойынша полиция бөліміне жеткізілді.