Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Источник погодных данных: Ауа райы

Законопослушный гражданин

Ақпарат агенттігі

Петропапавлда ескі үйлер сүріледі

Петропалда жыл соңына дейін тозығы жеткен алты көппәтерлі тұрғын үй сүрілетін болады, деп хабарлайды тілшіміз.

Ескі, апатты үйлердің  орнына жаңа баспанамен жайлы мектептің құрылысы басталады. Жобалар «Жаңа қала» атты реновация бағдарламасы негізінде жүзеге асады деп жоспарланып отыр. Қалалық әкімдік өкілдерінің айтуынша былтыр шаhарда жеке секторда орналасқан 8 баспана бұзылған. 3 миллиард теңге инестиция тартылып, ол жерлерде жаңадан баспаналар салынуда. Алғашқысының құрылысы жақында аяқталатын болады.

Жалпы бүгінгі күні облыс орталығында апатты деп танылған 30-ға жуық үй бар.

«Өткен жылы бізде сегіз үй сүрілген болатын, үш үйдің құрылысын жүргізу үшін. Орнына тұрғындардың көбі пәтер алды, қалғаны ақшалай алған болатын.  Қазірті таңда бізде қалада «Копай» ықшам ауданында 6 үйді сүру бойынша жұмыстар дайындық үстінде. Ол үшін бүгінде тұрғындармен келіссөздер жүргізіліп жатыр», — дейді Петропавл қаласы әкімінің баспасөз қызметі Әсем Айтулова.

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *