Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Источник погодных данных: Ауа райы

Законопослушный гражданин

Ақпарат агенттігі

Петропавлда көпірден Есіл өзеніне құлап кеткен әйел ге полиция қызметкері көмек көрсетті

Петропавлда көпірден құлаған әйел аман қалды. Ол қамысқа оратылып, жүре алмай қалған.  32 жастағы азаматты мұздай судан полиция қызметкері алып шықты, деп хабарлайды  тілшіміз.

Оқиға 18 қазан күні сағат 22:30 шамасында болған. Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі «102» пультіне Есіл өзені арқылы өтетін автомобиль көпірінің жанындағы судан әйел адам жағаға шыға алмай жатқаны туралы хабарлама түскенін хабарлады.  Оқиға орнына патрульдік полиция батальонының жақын маңдағы экипаждары, ТЖ қызметкерлері мен жедел жәрдем жіберілген. Қала тұрғынына полиция инспекторы Олег Головин көмек көрсетті.

«Әйел адамды табу оңай болған жоқ. Себебі, дала қараңғы болып, оның тек дауысы ғана есітіліп тұрды. Менің ойымша, ол қараңғыда бағытын жоғалтып, жағадан алыстап кеткен. Жағадағы және көпірдегі қызметкерлер мен тұрғындар мені бағыттап тұрды.Қолымдағы шамның жарығын көрген әйелдің өзі маған қарай келгісі келді. Бірақ, орнынан қозғала алмады»,- дейді полиция инспекторы  Олег Головкин.

Мұздай суға өз денсаулығына қауіп төндіріп кірген полиция қызметкері қала тұрғынына көмек көрсетіп, жағаға  алып шыққан. Зардап шеккен 32 жастағы Петропавл тұрғыны шұғыл түрде медициналық мекемеге жіберілді. Полиция кіші лейтенанты Олег Головин киімін ауыстырып, қызмет өткеруін жалғастырды.

 

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *