Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Источник погодных данных: Ауа райы

Законопослушный гражданин

Ақпарат агенттігі

СҚО-да алғашқы ақылы жол пайдалануға берілді

Солтүстік Қазақстан облысында алғашқы ақылы жол іске қосылды, деп хабарлайды тілшіміз.

Енді Петропавл –Астана бағытындағы республикалық маңызы бар трассамен  қатынайтын автобус және жүк көліктерінің жүргізушілері қаржы төлейтін болады. Жауапты мамандардың сөзінше өңірдегі ақылы жолдың жалпы ұзындығы -132 шақырымнан асады. Және онда шлагбаум жүйесі қойылмайды. Тек үш аймаққа арнайы бейнебақылау камералары орнатылған. Яғни ақылды құрылғы көліктердің қозғалысын, жылдамдығын және  маркасын бірден анықтайды.

«Бұл уческе екінші техникалық санаттағы жолға жатады. Түскен қаражат осы трассаны күтіп ұстауға жұмсалады. Орта есеппен қазір бұл аумақттан күніне  4-7,5 мыңға дейін техника қатынайды екен. Ең бастысы жеңіл көлік иелері ақы төлемейді. Олар үшін жол бұрынғыдай тегін болады», — деді «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ СҚОФ басшысының орынбасары Қанат Өсербаев.

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *