Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Источник погодных данных: Ауа райы

Законопослушный гражданин

Ақпарат агенттігі

СҚО-да бір жылда жарақат алып ауруханаға қаралған балалар саны 800-ге артты

Солтүстік Қазақстан облыстық көпбейінді балалар ауруханасына жыл басынан бері жарақат алған 9212 бала қаралған, олардың басым бөлігі 15-18 жастағылар, деп хабарлайды тілшіміз Kazinform сайтына сілтеме жасап.

СҚО көпбейінді балалар ауруханасы жарақат бөлімшесінің меңгерушісі Асылхан Жағыпаровтың айтуынша, жарақаттанушы балалар жыл сайын азаюдың орнына керісінше көбейген.

Соңғы уақытта самокаттан құлап, жарақат алған бала саны артқан. Мәселен тәулігіне он бала дәрігер көмегіне жүгінсе, соның үшеуі самокаттан мертіккен.

  • Балалар демалыста, әсіресе жазғы каникул кезінде көп жарақаттанады, олар негізінен ауыр жарақаттар және жастары 15-18-де. Ересек болғандықтан самокат, мопед, мотоциклге мініп, жол-көлік апатына түсіп жатады. Бас сүйектерін, омыртқасын зақымдайды, қол-аяғын сындырады.

Мәселен биыл жазда балалар зардап шеккен 4-5 жол-көлік апаты болды. Жеңіл көлік Камазға соғылып, салдарынан ұл баланың аяғы сынса, қыз баланың бет терісі жыртылып, бас-бет сүйегі, иығы, сан сүйегі сынып, ауыр жарақат алды. Бүгінде ол қыз бала толық ем алып, үйіне жіберілді. Сырқат Шымкент қаласының тұрғыны, кеспей-ақ ота жасап, металлконструкция орнаттық. Бүгінде оңалтудан өтіп, аяғына тұрды, өзі жүре алады, яғни қол-аяғының функциясы қалпына келді. Біз үшін бұл өте жақсы, — дейді Асылхан Жағыпаров.

Дәрігердің айтуынша, биыл бірнеше бала биіктіктен құлаған. Мамандар олардың да өміріне араша түсіп, жандарын сақтап қалды. Жалпы, биыл жарақат бөлімшесінде өлім-жітім тіркелмеген.

  • Соңғы он жылда облыстық көпбейінді ауруханада хирургиялық көмек жарақат алған балаларға, соның ішінде қолдары-аяқтары сынған балаларға өте жақсы ұйымдастырылған. Қазір бұрынғы 80-90 жылғы тәсілдер емес, заманауи әдістер қолданылады, соның ішінде бұрынғыдай кеспей ота жасалады. Нәтижесінде бала психологиясына кері әсер ететін жайт — ауруханада жату ұзақтығы азайды, бұрынғыдай 20-30 күн емес, 5-6 күнде үйлеріне кетеді, — дейді Асылхан Жағыпаров.

Маманның айтуынша, былтыр жарақатпен келген 8410 балаға көмек көрсетілді, соның 606-сы жарақат бөліміне жатқызылып, ота жасалды.

Биыл облыстық көпбейінді балалар ауруханасына 9212 бала жарақат алып келсе, соның 665-іне ота жасалды.

 

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *