Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Петропавловск
+16°C
Небольшая облачность
Источник погодных данных: Ауа райы
17:03:04Понедельник

Законопослушный гражданин

Ақпарат агенттігі

Жуырда тағайындалған өңір басшысы Ғауез Нұрмұхамбетов облыстың барлық аудандарын аралап шықты

Өңір басшысы Ғауез Нұрмұхамбетовтың облыстың  аудандарына қорытынды іссапары — атақты жерлесіміз Мағжан Жұмабаевтың туған жерінде өтті. Облыс әкімі ақиық ақынның туған ауылы Сарытомарда болып, мұражайға соқты.

СҚО әкімі сапар барысында Бәйтерек ауылына кіреберіс жолды жөндеу жұмыстарының барысымен танысты. Булаево қаласындағы балалар мен жасөспірімдер шығармашылығы орталығында және Жастар ауылындағы сүт фермасында болды. Сондай-ақ Жастарда су тарату желілерін қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілуде. Бұл жобаның арқасында ауыл тұрғындары сапалы ауыз сумен қамтамасыз етіледі.

Советское ауылында облыс басшысы «СК Агро-2050» серіктестігінің қырман басында аудан диқандарымен жүздесті. Кездесуде өткен орақ науқанының қорытындылары мен өнімділік көрсеткіштеріне қол жеткізуді талқылады. Ауылда мәдениет үйі күрделі жөндеуден кейін ауыл тұрғындарының бос уақытын өткізетін көпфункционалды орынға айналды. Мұнда өңір басшысы жергілікті тұрғындармен кездесіп, ауылды одан әрі дамыту мәселелерін талқылады.

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *