Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Источник погодных данных: Ауа райы

Законопослушный гражданин

Ақпарат агенттігі

Әкімдіктің кезекті отырысында облыстың 9 айдағы даму қорытындысы талқыланды

Облыстық әкімдіктің кезекті отырысы өтті. Жиын басталысымен көпшілікке өңір басшысының жаңа орынбасары Қанат Дүзелбаев таныстырылды. Ол бүгінге дейін Ақмола облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы қызметін атқарды, деп хабарлайды тілшіміз.

Алғашқы сұрақ — биылғы жылдың 9 айындағы облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуы. СҚО әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов тиісті басқарма басшыларына 2023 жылдың соңына дейін әлеуметтік-экономикалық дамудың негізгі көрсеткіштерінің орындалуын қамтамасыз етуді, бекітілген жоспарға сәйкес ай сайын инвестиция тартуды қамтамасыз етуді тапсырды.

Күн тәртібіндегі екінші тақырып – бюджеттің кіріс және шығыс бөліктерінің атқарылуы. Аймақ басшысы атқарушылық және қаржылық тәртіпті күшейту қажеттігін атап өтті. Өңір басшысы сондай-ақ жұмыс істеп тұрған өндіріс орындарын кеңейтіп, тұрақты жұмыс орындарын ашу арқылы жаңа жобаларды жүзеге асыруды тапсырды.

Жиынның қорытынды тақырыбы – өңірді электр энергиясымен үздіксіз қамтамасыз ету. Ғауез Нұрмұхамбетов қыс мезгілінде электрмен жабдықтау жүйелерінің апаттық сөндірілуіне қатысты жағдайды ерекше бақылауда ұстау маңызды екенін атап өтті. Төтенше жағдайлар туындаған жағдайда дереу тиісті шараларды қабылдау керек. Сондай-ақ өңір басшысы желілерді талапқа сай күтіп ұстауды, технологиялық бұзушылықтарды жедел жоюды, жедел топтардың дайындығын тексеруді тапсырды.

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *