Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Источник погодных данных: Ауа райы

Законопослушный гражданин

Ақпарат агенттігі

Петропавлда Республика күні мерекесіне арналған салтанатты шара өтті

Қазанның 25-і елімізде Республика күні аталып өтіледі. Осыдан тура 33 жыл бұрын Қазақстанның егемендігі туралы Декларация қабылданып, тәуелсіздікке нық қадам жасалды. Ел жадында қайта жаңғырған мерекені тойлауды солтүстікқазақстандықтар бастап кетті. Аймақтың дамуына мол үлес қосқан жандар мемлекеттік наградалармен марапатталды, деп хабарлайды тілшіміз.

Ұлттық рухты көтеріп, кейінгі ұрпақтың мерейін өсіретін шара Сәбит Мұқанов атындағы қазақ сазды драма театрында өтті.  Жиналғандарды облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов құттықтады.

«Құрметті солтүстікқазақстандықтар!  Қадірлі қауым! Сіздерді еліміздің басты мерекесі — Республика күнімен шын жүректен құттықтаймын!   Жиырма бесінші қазан – еліміздің дамуына айтарлықтай әсер еткен, ерекше тарихи маңызы бар күн. Бұл – еліміздің тәуелсіздігіне жасаған алғашқы нық қадам.  Мемлекет басшысы Қасым – Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Республика күнін жаңғырту туралы» шешімін біздің жерлестеріміз де қызу қолдауда. Өйткені, біздің тәуелсіздігіміз өз бастауын дәл осы күннен алады. Көк байрағымыз көкте желбіреп, береке-бірліктің арқасында Қазақ елі дами түсті. Басқалармен терезесі теңелді. Тәуелсіздік жылдары, Қазақстанда жаңа экономикалық және саяси қатынастар жүйесі қалыптасты. Осы уақыт ішінде, еліміз – құқықтық, демократиялық ел ретінде әлемге танылды. Әрбір азамат Тәуелсіздік жемісін сезінуі маңызды, оның ең бастысы – бейбіт өмір, қоғамдық келісім, халықтың әл-ауқатын және жастардың болашаққа деген сенімін арттыру.  Шекарасын нақтылап, әлем картасынан орын теуіп, егемендігін әлемге жариялаған қазақ елі осы күнді армандады. Осы кезеңде тәуелсіз елдің жаңа бір буыны өсті. Ата-бабаларымыздың арманы болған бүгінгі күннің әр таңын құрметтеу – баршамыздың міндетіміз. Бүгінгі күні көп ұлтты еліміз достық көпіріне айналды, берекелі бірлігіміз өзгеге үлгі болды. Жаңа зауыттар мен кәсіпорындар ашылып, жолдар салынды, әлеуметтік нысандар ел игілігіне тапсырылды.  Елімізде қабылданған әр бағдарлама ең алдымен қарапайым халықтың әл-ауқатын арттыруға бағытталды. Еліміздің даму жолында бірлікті ту етіп, адал еңбекті жоғары қоятын солтүстік жұртшылығы, ұлы мерекенің ұлағатын болашақ ұрпаққа насихаттауды жалғастырады деп сенемін. Құрметті жерлестер! Біздің өңіріміздің әлеуеті мол, болашағы зор. Алдағы уақытта да, еліміздің әлеуметтік- экономикалық жағдайы одан әрі жақсарып, барлық жоспарлар мен мақсаттар орындалады деген сенімдемін. Қазақстанымыз нығая берсін, әр отбасыға береке мен бақыт тілеймін. Тарихи, әрі идеологиялық мән-маңызы зор, тәуелсіз еліміздің ұлық мерекесі баршаңызға игілік, бақ-дәулет, ырыс-несібе әкелсін!  Қазақстанның тұрақты дамуы мен ұлттық стратегиялық мүддесі жолында еңбектеріңіз табысты, барлық бастамаңыз сәтті болсын!  Ынтымағымыз  бен татулығымыз халқымызға құт-береке, тыныштық  пен  қуаныш әкелсін!Баршаңызға толайым табыстар тілеймін. Республика күні құтты болсын!», — деді облыс әкімі. 

Қазақ тетарының залы көрерменге лық толды. Қарапайым еңбек адамынан бастап дәрігер, мұғалім, қоғам белсендісі, құтқарушы, тіпті жаттықтырушыға дейін болды.  Бұл жандардың барлығы өңірдің әлеуметтік- экономикалық дамуына сүбелі үлес қосып жүргендер. Салтанатты шара барысында 30-дан астам адам түрлі мемлекеттік наградаға ие болды.

ҚАЗАҚСТАН  РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТІНІҢ  ЖАРЛЫҒЫ

Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларымен

наградтау туралы

ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

           Мемлекеттік және қоғамдық қызметтегі еңбегі, елдің әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуына, халықтар арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайтуға қосқан елеулі үлесі үшін келеcілер Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларымен наградталсын:

 

«Парасат» орденімен

 

Сағындықов Оралбай Шәріпұлы

.

 

 Мағжан Жұмабаев аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы

«Құрмет» орденімен

 

Барлыбаев Нағашыбай

    Сабырұлы  

 

«Асхат-Агро» ЖШС директоры
Сафонова Николай

    Павлович

 

 «Куломзино» ШҚ басшысы 
Тасмаганбетов Самат

    Иманбайұлы

 

 «Мада Трейд» ЖШС директоры
Плешаков Анатолий

    Андреевич

 

Манаш Қозыбаев атындағы СҚУ профессоры

 

Ужарова Гимадиден

     Хамитович

 

 «Жаркқын Ltd» ЖШС директоры

 

 

Череда Сергей

    Виталиевич

 

Облыстық көпбейінді  арухананың меңгерушісі

 

«Еңбек Данқы- Ш дәрежелі» орденімен

 

Қасенов Әскер

    Ишханович

 

 «Кулик» ЖШС дәнекерлеушісі
Назаров Манарбек

     Маратович

«СевКазЭнерго» АҚ слесарьі
«Ерлігі үшін» медалімен
Жүсіпов Жұмажан

      Өркешевич

 

ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің «Республикалық фитосанитариялық диагностика және болжамдар әдістемелік орталығы» РММ Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар аудандық филиалының зерттеушісі
Рамазанов Руслан

     Бүркітұлы

 

ҚР Төтенше жағдайлар Министрлігі Солтүстік Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі»ММ Петропавл қаласының № 2 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімі бөлімшесінің командирі
 

«Ерен еңбегі үшін» медалімен

Әлжанов Берік

    Ақылжанович

  Тайынша ауданының әкімі
Арыкпаева Гүлнәр

    Арапқызы

 

 «БЭСТ гимназиясы» мектеп лицейінің директоры

 

Есдәулетов Жақсылық

    Түлеуұлы

 

«Солтүстік» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы » АҚ Басқарма төрағасы
Жұмағулов Мәден

    Дәуренбекұлы

 

 «Эталон Регион» ЖШС директоры
Зенченко Иван

    Геннадьевич

 

 

 «Иван Зенченко» ЖШС өндіріс бойынша директоры  

 

Исаков Андрей

    Анатольевич 

   «Таткрафт-инвест» ЖШС директоры  
Козлов Владимир

     Иванович

 

 «Мир аттракционов» ЖШС құрылтайшысы

 

Красноголовый Юрий

     Васильевич

 

 «Зеленые Луга» ЖШС директоры

 

Морозов Евгений   

     Владимирович

 

«ПетроМашЗавод» ЖШС операторы
Окованцев  Александр

    Петрович

 

Жеңіл атлетика олимпиадалық резервінің БЖСМ аға жаттықтырушы-оқытушысы
Омаров Марат

     Қосылұлы

 

Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті басшысы
Сатыбалдина Аягөз

     Сейтқазықызы

 

Бидайық орта мектебінің мұғалімі

 

Сыздықов Нәзір

     Боркенұлы

 

Кеңес орта мектебінің мұғалімі
Таскұлов Мақсұт

      Есімұлы

«Қызылжар су» ЖШС экскаватор машинисі
Тасов Руслан

Қуандықұлы

 

Көпсалалы қалалық жедел медициналық жәрдем ауруханасы директорының орынбасары
Таушев Асхат

    Айткенұлы

 

Ақан сері атындағы облыстық филармонияның әншісі

 

 

«Шапағат» медалімен

 

Новицкий   Олег Николаевич Облыстық көпбейінді балалар ауруханасының дәрігері
Оразалина Светлана Сарбаевна

 

Айыртау аудандық ауруханасының медбикесі
Шляхтина Елена

      Петровна

Петропавл балалар әлеуметтік қызмет көрсету орталығының тәрбиешісі
Шопанов Ахан

     Хантайұлы

 

Ғабит Мүсірепов аудандық аурухана директорының орынбасары

 

 

Қазақстан Республикасының Құрмет грамотасымен

 

Жантурин Ерсін

     Жасұланұлы

6637 әскери бөлімінің әскери қызметкері 
Коваль Наталья

     Ивановна

 

Первомай ауылдық округінің ветеринары  
Штым Владимир

      Иванович 

 

 

 «Штыма В.И. и К»  ШҚ басшысы

 

 

Қазақстан Республикасының

Президенті

 

 

Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев

 

 

Астана, Ақорда, 2023 жылғы 16 қазан

                                 № 377

Артынша жиналған жұртшылықтыққа «Менің елім, менің жерім» атты мерекелік концерт ұсынылды. Оған жергілікті көркемнерпаздардан бөлек, эстрада жұлдыздары да қатысты. 

 

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *