Жарияланған күні: 24.10.2023
СҚО әкімдігі мен экономикалық тергеп-тексеру департаменті меморандум жасасты
Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі және ҚР Қаржылық мониторинг агенттігінің СҚО бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаментінің арасында құқықтық көмек көрсету туралы меморандум жасалды, деп хабарлайды тілшіміз.
Құжатқа облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов пен департамент басшысы Нұрлан Қанағатов құжатқа қол қойды.
Меморандум құқықтық салада өзара жәрдем көрсетуге, экономикалық қызмет саласында бірлескен алдын алу шараларын өткізуге бағытталған.