Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Источник погодных данных: Ауа райы

Законопослушный гражданин

Ақпарат агенттігі

СҚО-да 23 адам қызылша жұқтыртырды

Солтүстік Қазақстан облысында қызылшамен ауырғандар көбейді. Қауіпті вирусты жұқтырғандардың 59 % жеке сенімге қатысты екпе қойылмаған, деп хабарлайды тілшіміз.

Облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің мәліметінше, былтыр жылдың осы кезеңінде қызылшамен ауырудың бір де бір дерегі тіркелмесе, биыл 23 адам ауырған. Олардың төртеуі қазір стационарда, біреуі ауруханаға жатудан бас тартып, амбулаториялық жағдайда ем алып жатыр. 18 адам тәуір болды.

«Үш адам қызылшаны БАӘ, Ресей және Қырғызстаннан жұқтырып келген. Ауырғандардың 18-і – Петропавлдан, екеуі – М.Жұмабаев, Аққайың, Мамлют және Жамбыл аудандарынан бір адамнан. Жастарына келер болсақ, 15 жағдайда сырқаттанғандар кәмелет жасына дейінгі балалар, соның тоғызында үйде отырған бала ауырған. Жұқтырғандардың 59 % — жеке сеніміне қатысты қызылшаға қарсы егілмеген, ал бір бала вакцинация жасына жетпеген. Бес жағдайда сырқаттардың екпе алу мәртебесі белгісіз болды», — дейді СҚО Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Әсет Жұматаев.

Қызылша – жедел вирустық инфекция. Науқас адамнан жөтелу және түшкіру, жақын жеке байланыстар немесе жұқтырған мұрын-жұтқыншақ ағындыларымен тікелей байланыс арқылы таралады. 

«Қызылша вирусы ауада немесе жұқтырған жерде 2 сағат бойы белсенді және жұқпалы болып қалады. Ол тек бір бөлмеде ғана емес, сонымен қатар төменгі қабаттан жоғарғы қабатқа, дәліздер мен баспалдақтар және желдету арқылы таралуы мүмкін. Вакцинацияланбаған балаларда қызылша ауруы жиі асқынып, тіпті өлімге де апаруы мүмкін. Екпе алмаған жүкті әйелдерге де қауіп жоғары. Иммунитеті жоқ кез-келген адам – вакцинацияланбаған немесе вакцинациядан кейін иммунитетті дамытпаған адам қызылшаны жұқтыруы мүмкін», — дейді Әсет Жұматаев.

 

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *