Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Источник погодных данных: Ауа райы

Законопослушный гражданин

Ақпарат агенттігі

СҚО халқының 11 пайызнаы тұмауға қарсы екпе егіледі

Қазанның 1-і мен келер жылдың 30-шы сәуірі аралығында облыс халқының 11 пайызына тұмауға қарсы екпе егіледі. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Әсет Жұматаев мәлім етті, деп хабарлайды тілшіміз.

Эпидемиолог мамандардың ақпаратына сүйенсек бүгінгі таңда облысқа тұмауға қарсы «Гриппол плюс» вакцинасының 60 мың данасы сатып алынды. Оның 42 060-сы өңір тұрғындарына салынды.

«Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының ұсынысы бойынша эпидемиологиялық маусым кезінде өңірде кем дегенде халық санының 10 пайызына тұмауға қарсы екпе салынуы қажет. Біздің жоспар – халықтың 11 пайызына вакцияна салу. Қазіргі уақытта екпе 7687 медицина қызметкері, 4333 оқушы, 296 жүкті әйел, 20375 созылмалы ауруы бар адамға, 505 жабық типтегі мекемелердегі азаматқа, қарттар мен мүгедектер үйлерінің контингентіне және эпидемиологиялық көрсеткіштер екпені қажеті ететін 7771 адамға қойылды», – дейді облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Әсет Жұматаев.

СҚО бойынша «Ұлттық сараптама орталығы» филиалының вирусологиялық зертханасында тұмауға зертханалық диагностика жүргізіледі. Үстіміздегі жылдың 1 қазанынан бастап полимеразды тізбекті реакция (ПТР) әдісімен тұмауға шалдыққан науқастардан 283 сынама зерттелді, тұмау вирусы табылған жоқ.

 

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *