Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Источник погодных данных: Ауа райы

Законопослушный гражданин

Ақпарат агенттігі

СҚО полицейлері азаматтық қару иелері арасында 830-дан астам құқық бұзушылықты анықтады

СҚО полицейлері азаматтық қару иелері арасында 830-дан астам құқық бұзушылықты анықтады, деп хабарлайды  тілшіміз.

 Петропавл қаласының 41 жастағы тұрғыны “102” пультіне үйді жөндеу кезінде мылтық тапқаны туралы хабарлады. Бұл үй оған екі жыл бұрын қайтыс болған әкесінен мұраға қалған. Жиналған мылтық фортепиано корпусының қақпағының астында жатқан. Патроны болмаған. Нәтижесінде екі ұңғылы мылтық тексеру және одан әрі жою үшін алынды.

Тексеру көрсеткендей, ТОЗ-БМ 16 калибрлі мылтық тіркелмеген және қылмыстық есепке алынбаған қару болып шықты. Полицияға мылтық туралы хабарлаған әйел қылмыстық жауапкершілікке де, әкімшілік жауапкершілікке де тартылмайды.

Азаматтық және қызметтік қару айналымы, сондай-ақ оны пайдалана отырып, қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алу жөніндегі жұмыс – облыстық полиция басшылығының тұрақты бақылауында. Әкімшілік полиция басқармасы “Қару” жедел алдын алу іс-шарасының қорытындысын шығарды, оның барысында полиция қызметкерлері аталған бағытта жұмыс істеді. Аталмыш ЖПІШ барысында заңсыз айналымнан 7 бірлік тегіс ұңғылы қару тәркіленді. Сондай-ақ ерікті түрде тапсырылған 9 жауынгерлік мылтық патроны қабылданды.

«Жалпы, жыл басынан бері Солтүстік Қазақстан полицейлері 120-дан астам тіркелмеген қаруды тәркіледі. Полицияға өз еркімен тапсырылған 13 тіркелмеген қару қабылданып, тексерілді. Аулаларды және пәтерлерді аралау барысында әкімшілік полицейлер мен учаскелік инспекторлар қаруды сақтау шарттарын тексереді. Нәтижесінде 838 құқық бұзушы әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Оның ішінде тіркелген қаруды сақтау ережелерін бұзғаны үшін – 507, қайта тіркеу мерзімдерін бұзғаны үшін – 238, азаматтық қаруды заңсыз сақтағаны үшін – 93 құқық бұзушы», – деп атап өтті СҚО ПД әкімшілік полиция басқармасының ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы Құрман Мусин.

Үстіміздегі жылдың 9 ай ішінде азаматтық және қызметтік қару айналымын бақылау бөлімшелерінің инспекторлары электрондық форматта 4005 мемлекеттік қызмет көрсетті. Қару-жарақ айналымы туралы кеңес алу үшін сіз өзіңіздің учаскелік полиция инспекторыңызға хабарласуыңыз керек, “102” нөмірі немесе Google Play немесе App Store-дан “102” бағдарламасын тегін жүктеуге болады.

 

 

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *