Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
>
Mons
14 Juin
27°C
15 Juin
21°C
16 Juin
22°C
17 Juin
23°C
18 Juin
25°C
19 Juin
25°C
20 Juin
28°C
>
Mons
14 Juin
27°C
15 Juin
21°C
16 Juin
22°C
17 Juin
23°C
18 Juin
25°C
19 Juin
25°C
20 Juin
28°C
03:28:52Воскресенье

Законопослушный гражданин

Ақпарат агенттігі

Петропавлда грек–рим күресінен Жаңаберген Қармандаевты еске алуға арналған турнир жалауын көтерді

Солтүстік Қазақстан облысында грек-рим күресінен ашық республикалық турнир жалауын көтерді. Ол ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы Жаңаберген Қармандаевты еске алуға арналған, деп хабарлайды тілшіміз.

Жаңаберген Қармандаев СҚО, Мамлют ауданының тумасы. Ол елге танылған жаттықтырушы. Грек-рим күресінен ҚР құрама басшысы болған. Бүгін Петропавлда жерлесімізді еске алуға арналған жарыс басталды. Оған 100-ден астам балуан қатысып жатыр.

«Талай шәкірт тәрбиеледі. Қазір сол балалар бапкерлік жұмыс істеп жатыр. Дүниежүзілік күрес федерациясының алтын орденімен марапатталды. Бүкіл дүниежүзіне әйгілі бапкер бола білді», – дейді Жаңаберген Қармандаевтың інісі Абылай Қармандаев.

Турнирге Қазақстанның 10 және Ресейдің 2 өңірінен спортшылар келген. Олар 10 салмақ дәрежесі бойынша өз араларында мықтыны анықтамақ. Турнир жеңімпаздары ертең анықталады. Жарыстың қорытындысы бойынша чемпиондар мен жүлдегерлер жеңімпаз белдігі, медаль және ақшалай сертификатпен марапатталады.

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *