Жарияланған күні: 28.10.2023
Президент «АрселорМиттал Теміртау» компаниясымен ынтымақтастықты тоқтатуды тапсырды
Мемлекет басшысы Қарағанды облысында кеншілердің қаза табуына байланысты көңіл айтты, деп хабарлайды тілшіміз.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қарағанды облысындағы Костенко атындағы шахтадағы өрт салдарынан қаза тапқан кеншілердің туған-туыстары мен жақындарына көңіл айтып, зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуін тіледі.
Мемлекет басшысы Үкіметке кеншілердің отбасыларына барлық қажетті көмек көрсетуді тапсырды. Оқиғаның мән-жайын анықтау үшін үкіметтік комиссия құрылды.
Үкіметке «АрселорМиттал Теміртау» компаниясымен инвестициялық ынтымақтастықты тоқтату тапсырылды.