Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Источник погодных данных: Ауа райы

Законопослушный гражданин

Ақпарат агенттігі

Өңірде 300-ден астам тарихи-мәдени ескерткіш табылды

Солтүстік Қазақстан облысында 300-ден астам тарихи-мәдени ескерткіш табылды, деп хабарлайды тілшіміз.

Ескерткіштердің электронды мәліметтер қорын жасақтап оны картографиялау мақсатында өңірде зерттеушілерден құралған 3 отряд көктем және күз мезгілінде барлау- іздестіру жұмыстарын жүргізілді.

«Мәдени-тарихи үрдіс контекстіндегі Солтүстік Қазақстан: тас дәуірінен бастап қәзіргі заманғы этнографияға  дейін» атты жоба аясында Ә. Х. Марғұлан атындағы Археология институтының зерттеушілері М.Қозыбаев университетінің студенттерімен бірлесе  облыстың Айыртау, Ғ. Мүсірепов, Есіл, Жамбыл, Мамлют, Тимирязев және Шал ақын аудандарын зерттеген. Нәтижесінде 300-ден аса жаңа этнографиялық ескерткіш табылды. Оның 50-ден астамы саман және тастан жасалған үйлер, 3 көне мешіт бар. Тағы 3 қорым анықталды.

«Барлау-іздестіру жұмыстарының нәтижеснде этнографиялық ескерткіштер көп табылды. Тас дәуірінің ескерткіштері, қол дәуіріндегі қоныстардың орны анықталды. Ерте темір дәуірі ескерткіштерінің ішінде қорымдар, обалар көп. Сонымен қатар, ХVIII-XIX ғасырдың этнографиялық ескерткіштері, қазақтың қыстаулары табылды. Бір өкініштісі ескерткіштердің көбісін қайта қалпына келтіру керек», – дейді Ә.Х. Марғұлан атындағы Археология институтының жетекші ғылыми қызметкері Жанболат Өтебаев.

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *