Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Источник погодных данных: Ауа райы

Законопослушный гражданин

Ақпарат агенттігі

Петропавл қаласында қазақ тілін тегін үйрететін курс өз жұмысын қайта бастады

«Менің елім — менің тілім» республикалық жобасы аясында «Сөйле» тілдесу клубының жұмысы қайта жанданды. Оның аясында қазақ тілін тегін үйренуге мүмкіндік қарастырылған, деп хабарлайды тілшіміз.

Жобаның негізгі мақсаты — қатысушылардың қазақ тілін тез арада үйренуіне жағдай жасау. Облыс орталығында «Сөйле» тілдесу клубының сабақтары сейсенбі және жұма күндері сағат 19.00-де Пушкин көшесі, 57 мекенжайында орналасқан Ғабит Мүсірепов атындағы облыстық балалар-жасөспірімдер кітапханасының коворкинг орталығында өткізіледі. 

«Оқу осы жылдың қазан айынан басталды. Курс тегін түрде өткізіледі. Сабақтарда теориялық білімнен бөлек, сөйлеу тіліне де мән беріледі. Оған түрлі жас санатындағы өзге ұлт өкілдері қатысып жатыр»,- деді «Жастар Рухы» ЖҚ СҚОФ төрағасы Біржан Құдайбергенов.

 

«Сөйле» клубы осы жылдың басында ашылған болатын. Осы уақыт аралығында оған 50-ден астам адам қатысып үлгерген. Қазақ тілін үйренуге ниет білдірген жандар төменде көрсетілген сілтемеге өтіп, өтінім қалдыра алады.

https://docs.google.com/forms/d/18ne52SyIe8K0tzkhuJ0X1zDb6iMKkKvjWmOOgDDlxRg/edit

 

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *